Accessibility links

Алматыда үш күзетшіні атып кетті


Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезов ауданында Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысына таяу жердегі кеңсе ғимаратынан «Күзет-К» ЖШС-нің 33 жастағы қызметкері мен «Контакт-Управление» ЖШС-нің 25 және 34 жастағы екі қызметкерінің мәйіттері табылған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күзетшілерді атып өлтірген. Мәйіттер табылған кеңсе күзетшілерінің көмегімен қарақшылық шабуыл жасағандар тығылған көліктің маркасы мен түсі анықталған. Аталған қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG