Accessibility links

Словакия газды Чехиядан алмақшы


Чехияның газ компаниясы жексенбіде Словакияға газ тасымалдауын бастайтынын хабарлады. Чех компаниясы Германиядан келетін газды пайдаланып, Словакияға күніне шамамен 20 миллион текше метр көгілдір отынды жібермекші. Словакияға импортталатын газдың 98 пайызы Украина арқылы өтетін Ресей газы боп табылады. Сондықтан Ресей газына тәуелді болған Словакия Ресей мен Украинаның газ дауына байланысты Еуропаға тоқтап қалған газ тасымалына орай төтенше жағдай жариялады. Премьер-министр Роберт Фицоның мәлімдеуінше, Словакия газ дағдарысына байланысты күніне 100 миллион евродан айырылып отыр.
XS
SM
MD
LG