Accessibility links

Отандық тауар өндірушілердің реестрі құрылды


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры отандық тауар өндірушілердің реестрін құрады, — деп мәлімдеді бүгін отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу мәселесі бойынша кәсіпкерлермен өткен кеңесте аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов.
Қ. Келімбетовтің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорына 500-ге жуық ұйым кіреді. 2009 жылы «ҚазМұнайГаз, «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазпошта» және «KEGOK сияқты бес ірі компания 685 млрд теңгеден астам қаржыға тауар сатып алады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG