Accessibility links

Пәкістан АҚШ зымырандық шабуылдарының тоқтатылуын сұрауда


Пәкістан үкіметі Ауғанстанмен шекарасына жасалып жатқан АҚШ зымырандық шабуылдарын тоқтатуға президент Барак Обаманы шақыруда. Талибан және әл-Қайда жауынгерлері жасырынған деген аймақтарға жасалып жатқан ол шабуылдардан негізінен қарапайым азаматтар қаза болуда дейді Пәкістан. Жұма күні Солтүстік және Оңтүстік Вазеристан аймақтарына жасалған шабуылдар кесірінен қаза болған 22 адамның 8-і шетелдік қарулылар еді дейді Пәкістан қауіпсіздік өкілдері.
XS
SM
MD
LG