Accessibility links

«Қазақмыстың» екі кен қазушысы қаза болды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақмыстың» Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы «Восточный» кен құрылысы басқармасының Артемьевск алаңында болған оқыс оқиғадан жарақат алған 36 жастағы кен қазушы қаза болды, 24 және 47 жастағы екі жұмысшы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Қарағандының Ұлытау ауданындағы «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігінде де оқыс оқиға орын алып, соның салдарынан «Жомарт» кенінің 49 жастағы кен қазушысы қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG