Accessibility links

Ресейдің генерал-майоры кісі қолынан қаза тапқан


Ресейдің федералды барлау қызметінің бұрынғы қызметкері, генерал-майор Александр Рогачевтің біреулер қолынан қаза тапқаны мәлім болды. Жексенбі күні Мәскеуде 46 жасар Александр Рогачевтің денесі көлігінен табылғанда, ауырып қайтыс болды делінген болатын. Бірақ кейін мәйітті ашқанда оның миынан оқ табылған.
Ақпарат құралдары оның қауіпсіздік саласында қызметінің өсуін ықпалды аймақ басшысы Егор Строевтың қызына үйленуімен байланыстырған, енді оның өлімін қайын атасының қызметінен кетуімен байланыстырып отыр.
XS
SM
MD
LG