Accessibility links

Н.Назарбаев: Көп балалылардың жәрдемақысы көбейеді


2010 жылдан бастап Қазақстанда төрт және одан да көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі көбейеді, — деп мәлім етті ҚР президенті бүгін басталған V әйелдер форумында.

«Менің тапсырмам бойынша, 2010 жылдан бастап төрт және одан да көп бала туған әйелдерге бір жолғы жәрдемақы 30-дан 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде көбейеді, бұл деген 68 мың теңге, сондай-ақ бала күтіміне арналған айлық жәрдемақының да көлемі 20 пайызға өседі. Осындай қиын кезеңде біз мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға айрықша қолдау көрсетуіміз керек, сол себепті 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы енгізбекпіз», — деді мемлекет басшысы Н.Назарбаев.
XS
SM
MD
LG