Accessibility links

Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптарды қабылдамайды


БТА банкінің бұрынғы басшысы, бүгінде шетелге бас сауғалап кеткен Мұхтар Әблязов өзіне алаяқтық жасаған деген айыптар тағылуының саяси астары бар екенін айтты.
Ақпан айында үкімет елдегі жекеменшік БТА банкінің басшысы болған Әблязовты орнынан алып, оның акцияларына бақылауды өзі алған.
Осы аптада прокуратура елден қашып кеткен Әблязовқа ақша жымқырып, алаяқтық жасады деген айып тақты.
Қазақстанның оппозициялық қозғалысының құрылтайшысы болған Әблязов 2002 жылы коррупциялық айыптармен сотталып, саясатпен араласпауға сөз берген соң 2003 жылы абақтыдан шыққанда еді.
XS
SM
MD
LG