Accessibility links

Пәкістанда Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк тасушы керуенге шабуыл жасалды


Пәкістанның солтүстік-батысында қарулы топ Ауғанстанда тұрған АҚШ пен НАТО күштеріне жүк тасушы керуенге шабуыл жасады. Мұның өзі соңғы екі күнде Пешавар қаласында орын алған екінші шабуыл болып отыр. Полицияның айтуынша, наурыздың 16 күні таңертең 50 шақты қарулы адам Пешавар сыртындағы бекетке шабуыл жасап, 10 шақты көлікке от қойған. Осындай шабуылдардың кесірінен, Құрама Штаттар аталған жүк тасымалы үшін балама жолдарды іздестіруде.
XS
SM
MD
LG