Accessibility links

Түркия президенті соңғы 33 жылда алғаш рет Ираққа барады


Түркия президенті соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде тұңғыш сапармен Ираққа баруға тиіс. Түрік президенті Абдулла Гүл Ирақ басшыларымен күрд сепаратистерінің проблемасын талқылайды.
Анкарада президенттің көмекшісі мәлімдегендей, президент Абдулла Гүл Бағдадқа екі күндік сапармен келіп, Ирақ президенті Жалал Талабаниге, Ирақ премьер-министрі Нұр Әл-Мәликиге жолығады.
Абдулла Гүл – соңғы 33 жылда көрші Ираққа барған бірінші түрік президенті болмақшы. Соңғы рет Ирақта 1976 жылы Фаһри Корутүрк сапарда болған еді.
XS
SM
MD
LG