Accessibility links

Кітап жәрмеңкесі басталады


Бүгін Алматыдағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» көрме компаниясы және Қазақстан Баспагерлері мен кітап таратушыларының ассоциациясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолымен» атты бесінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылады.

ЮНЕСКО жариялаған Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған бұл жәрмеңке жыл сайын Қазақстанда дәстүрлі түрде өткізіледі. Биылғы жәрмеңкеге Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркияның 40-тан астам аса ірі компаниялары қатысады.

Шара барысында жәрмеңкеге келушілер мен студенттердің және қала тұрғындарының жазушылармен шығармашылық кездесуі, баспа, кітап саудасы және полиграфиялық фирмалардың тұсаукесері өтеді, сондай-ақ кітап байқауы, кітап мерекесі ұйымдастырылып, Қазақстан мен ТМД елдерінің кітап өнімдері сатылады.
XS
SM
MD
LG