Accessibility links

Мумбай шабуылдарына қатысты адвокат қызметінен босатылды


Мумбайдағы лаңкесттік шабуылдардан аман қалған күдіктінің адвокаты қызметінен кетірілген соң бұл сот кейінге қалдырылды. Сот төрағасының айтуынша, Мохаммед Ажмал Касабты жақтайтын адвокаттың сот ісіндегі куәгермен байланысы бар болуы ықтимал, сондықтан мүдделер қақтығысы орын алуы мүмкін.

Пәкістан азаматы Касабқа өткен жылы Үндістан қаласындағы шабуылдарды жүзеге асырған 10 қарулы адамның арасында болды деген айыптар тағылып отыр. Қараша айындағы шабуылдардан 160-тан астам адам қаза тапқан-ды. Тыйым салынған Лашкар-е-Таиба исламшыл тобының мүшесі деп күдіктелген Касаб өлім жазасына кесілуі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG