Accessibility links

Ресей Қарулы күштері Қазақстанның реформалау тәжірибесін үйренуде


ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында аталмыш ведомствода министрліктің штаб бастықтары комитетінің төрағасы Мұхтар Алтынбаев Ресей Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары Василий Смирновпен кездескен.

«Біз Қазақстан қарулы күштерінің жинақтаған тәжірибесін бөліскенімізге қуаныштымыз. Бұл тәжірибе бізге қателік жібермеу үшін өте қажет, өз кезегімізде біз де тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», — деді В. Смирнов.

Қарулы күштерінде реформалау процесі жүргізіліп жатқан Ресейді келісім-шартпен қызмет ету мәселесі қызықтырып отыр. Сонымен бірге олар осы жылы 12 жылдығын атап өткен Қазақстанның әскери полициясының жұмысына да қызығушылықпен қарап, тәжірибелерін үйренуде.
XS
SM
MD
LG