Accessibility links

Парагвай президентінің көңілдес әйелдері көп көрінеді


Парагвайдың президенті Фернандо Луго өзінің жеке өмірінің маңайынан шыққан жанжалға қарамастан, биліктен кетпейтінін мәлімдеді.
Теледидардан сөйлеген сөзінде Луго өзінің президент тағындағы мерзімі 2013 жылы ғана аяқталатынын еске салды.
57 жастағы Фернандо Луго католик дінінің өкілі болуына қарамастан, көп жыл бойы көңілдесі болған әйелден туған 2 жастағы сәбидің әкесі екенін мойындады. Тағы 2 әйел Лугоны өз балаларының әкесі деп отыр.
Парагвайдың бірқатар саясаткері мен діни қайраткері оған деген сенімнің жоғалғанын айтып, оны президентті биліктен кетуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG