Accessibility links

Шри-Ланка сепаратистері қоршауға түсті


Шри-Ланка сепаратистерінің «Тамил жолбарыстары» тобы бір жақты бітім жариялады, бірақ оны үкімет қабылдамады.
Сепаратистер өздерінің мәлімдемесінде соғыс болып жатқан аумақта қалған халыққа қайырымдылық көмегін жеткізуге мүмкіндік беру үшін соғыс қимылдарын доғаратынын мәлімдеді.
Шри-Ланканың қорғаныс министрі Готабая Раджапакса сепаратистердің мәлімдемесін «әзіл» деп сипаттап, «Тамил жолбарыстары» үшін жалғыз жол – қаруын тастап жеңілісін мойындау деп мәлімдеді.
Сепаратистердің жасақтары елдің солтүстігіндегі алақандай жер аумағында үкімет әскерінің қоршауында отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG