Accessibility links

Әлем елдері шошқа тұмауымен күресуде


Әлем елдері шошқа тұмауының алдын алу үшін арнайы шараларды қолға алуда. Мексикада өткен аптадан бері аталған вирустан 100-ден астам адам қаза тапты. Сонымен қатар АҚШ пен Канадада бірнеше адам шоқа тұмауына шалдықты деп хабарланып отыр. Еуропа мен Жаңа Зеландияда да бірнеше адам осы дертке шалдыққан болуы мүмкін.

Мексика билік орындары қоғамдық шараларды тоқтатып, халықты үйлерінде отыруға шақырды. АҚШ қоғамдық төтенше жағдай жарияласа, басқа да үкімет басшылары әуе жайларында вирусты анықтауды бұйырды. ЕуроОдақтың денсаулық сақтау комиссары вирустың жайылу мүмкіндігіне байланысты төтенше жиналыс өткізуге шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, әлем бұл вируспен күресуге жақсылап дайындалған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG