Accessibility links

РБК:General Motors кредиторлармен келісе алмаса, банкрот жариялайды


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың ірі автоконцерні General Motors қаржылық жағдайының қиындығына байланысты Канададағы жұмысшыларының санын екі еседен де көп мөлшерде қысқартатынын мәлімдеді.

Жұмысшылар саны 2009 жылы 10 мың болса, 2014 жылы 4,4 мыңға дейін қысқармақ. Сондай-ақ қызмет көрсету орталықтарының саны да 2010 жылдың соңына қарай 42% -ға азаятыны айтылған.

Жақында компания 2010 жылдың соңында Pontiac брендін жоюды қарастыратын қайта құрылымдау жоспарын жария еткен. Автоконцерн жұмысы АҚШ-тың Chevrolet, Cadillac, Buick және GMC сияқты төрт брендіне тоқталмақ. Көлік моделдерінің саны да қысқарып, 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 29% -ға азаймақ. Қайта құрылымдау барысында 2010 жылы 21 мың жұмысшыны қысқартып, 47 зауыттың 13-ін жабуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ GM өз кредиторларына 27 млрд доллар қарызға компания акцияларын айырбастауды ұсынды. Олар келіспеген жағдайда компания банкрот жариялайды.
XS
SM
MD
LG