Accessibility links

Сирияда опат болған шерушілердің саны 500-ге жетті деп хабарланды


Сириялық адам құқығын қорғаушы топтың айтуынша, соңғы апталарда елдегі наразылық шаралары барысында қауіпсіздік күштері кемінде 500 адамды өлтірген.

"Сауасиях" ұйымының мәліметінше, осыдан алты апта бұрын Сирия президенті Башар әл-Асадтың режиміне қарсы шерулер басталғалы бері мыңдаған адам қамауға алынып, көптеген сириялық азамат хабар-ошарсыз кеткен. Бейсенбі күнгі жариялаған мәлімдемесінде аталмыш топ халықаралық қауымдастықты "қантөгісті тоқтату үшін шара қолдануға" шақырған. "Дераа қаласында наразылық танытушыларға әскери күш қолданылуы адамзатқа қарсы жасалатын қылмыспен тең", - делінген адам құқығын қорғаушы топтың мәлімдемесінде.

Сәрсенбі күні БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирия үкіметінің оппозициялық шеруге қарсы күш қолданып, басып-жаншуын айыптайтын қарарды мақұлдамады.
XS
SM
MD
LG