Accessibility links

Бүгін Ұлыбритания ханзадасы Уильямның үйлену тойы болады


Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен оның қалыңдығы Кэтрин Миддлтонның суреттері бұл күндері Лондонда жиі көзге түседі. 27 сәуір 2011 жыл.
Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен оның қалыңдығы Кэтрин Миддлтонның суреттері бұл күндері Лондонда жиі көзге түседі. 27 сәуір 2011 жыл.
Бүгін Лондонда Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен Кэтрин Миддлтонның неке қию салтанаты болады.

Тақ мұрагерінің үйлену тойына шақырылған екі мыңға жуық қонақтың арасында елу шақты мемлекет басшылары бар.

Полицияның есебі бойынша, ханзаданың тойын тамашалауға Лондон көшелеріне 600 мыңнан аса адам шығуы мүмкін. Жүздеген адам жас жұбайлар жүріп өтетін жол бойына жақын маңдарға шатыр тігіп, салтанаттың басталар сәтін күтіп отыр.
XS
SM
MD
LG