Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясының тағдыры бұлыңғыр


Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өз миссиясының Грузияда қалу мәселесі бойынша келіссөзді уақытша тоқтататынын жариялады. ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің төрайымы Мара Маринаки мәлімдегендей, 5 ай жалғасқан қызу келіссөзден кейін қол жеткен жетістіктерді саралау керек.
ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясы 1992 жылдан бері жұмыс істеп келді. Өткен жылдың тамызындағы Ресей-Грузия соғысынан кейін Мәскеу ЕҚЫҰ миссиясының мандатын ұзартуға бөгет қойды. Сәрсенбі күні Мәскеу ЕҚЫҰ-нан осы мәселе бойынша келісімнің өзгертілген нұсқасын қабылдамады. Қазір Грузияда ЕҚЫҰ-ның 20 бақылаушысы қалды, олардың мандаты 30 маусымда аяқталады. Маринаки таяуда бақылаушылардың мандатын ұзарту мәселесі бойынша келісімге келе аламыз деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG