Accessibility links

Даниал Ахметов Израиль Қорғаныс министрі Эхуд Баракпен телефон арқылы әңгімелесті


ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған ведомство басшысы Даниал Ахметов Израилдің Қорғаныс министрі Эхуд Баракпен телефон арқылы әңгімелесті.

Қазақстан жағының бастамасымен жүзеге асқан екеуара әңгімеде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесі мен осы жылдың маусым айында Астанаға келетін Израиль президенті Шимон Перестің сапары жайында сөз болды.

Тараптар әскери-технологиялық саладағы ынтымақтастықты дамытуға екіжақты мүдделілік танытып, оның табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ израилдік «IMI» және «Soltam» компанияларының қару-жарақ пен техника тасымалдауының өзекті мәселелері де қозғалды.

Э. Барак өз әріптесіне жақын арада Астанаға Израиль Қорғаныс министрлігінің жоғарғы шенді өкілі келетінін айтты. Оның сапары барысында израилдік компаниялар тасмалдаған қару-жарақтағы кемшіліктерді қалпына келтіру мәселесі қозғалып, тәуелсіз сарапшылардың өнімнің жоғары сапалылығын тексереді.

Даниал Ахметов пен Эхуд Барак Қорғаныс министрлігі басшыларының сапары барысында таяу уақытта ынтымақтастықты нығайту жөнінде кеңейтілген кеңес өткізуге келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG