Accessibility links

АҚШ елшісі келіссөздер өткізу үшін Израилге барды


Бүгін Құрама Штаттардың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчель Израилде тоқтап қалған Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерді қайта бастауға арналған талқылауларын өткізуде. Митчель сәрсенбі күні Батыс жағалауға барып, Палестина президенті Махмуд Аббаспен келіссөздер өткізбес бұрын, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездеседі.
Дүйсенбі күні Нетаньяху АҚШ президенті Барак Обамамен сөйлесіп, оған алдағы аптада өзінің тұрақтылық пен бейбітшілікке арналған саясаты туралы мәлімдеме жасайтынын айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG