Accessibility links

Иранда аза тұтқан бейбіт шеру өтті


Бүгін Ирандағы президенттік сайлауда жеңіліс тапқан президенттік кандидат Мир Хоссейн Мусавидің қолдаушыларды сайлаудан кейін қақтығыста қаза болғандарды еске алып, аза тұту күнін өткізді. Мусави өз қолдаушыларын бейбіт шеру өткізіп, қақтығысты шеруде құрбан болғандар отбасымен бірге мешіттерге баруға шақырған. Маусымның 12-дегі сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразылықтарын білдірген шерулерде кемінде жеті адам қаза тапты. Халықаралық ақпарат ұйымдарының шерулер туралы хабар беруіне тыйым салынған.
Мусави мен бұрынғы президент Мохаммад Хатами бірлесіп жасаған мәлімдемесінде, биліктен соңғы күндері шеруге қатысты қамауға алынғандарды босатуды сұрады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG