Accessibility links

Өзбекстанда кісіні азаптау әлі жалғасуда


Өзбекстандағы адамның құқын қорғаушылар өзбек милициясының ұрлық істеді деген күдікпен 6 бозбаланы ұрып-соғып, азаптағанын хабарлады.
Адамның құқын қорғайтын «Эзгүлик» ұйымының хабарына қарағанда, ұрлады деген күдікпен ұсталғандардың бірі Ташкент сотына бет-жүзі көгеріп келген. Оны тіпті прокурордың өзі де мойындауға мәжбүр болған.
Өткен жылы ұсталған күдіктілер тозығы жеткен мұздатқышты, бірнеше келі кәмпит және 4 шөлмек кетчуп ұрлады деп айыпталып отыр. Оларға 10 жылға дейін түрме жазасына кесілу қаупі төніп тұр.
XS
SM
MD
LG