Accessibility links

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды


Мемлекет басшысының жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

34 жастағы Бағлан Майлыбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының аспирантурасын тәмамдаған. Заң ғылымдарының докторы, саяси ғылымдардың кандидаты. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болып тағайындалғанға дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.
XS
SM
MD
LG