Accessibility links

БҰҰ: Ирақ босқындарын қайтару үшін жағдай жасау керек


БҰҰ-ның босқындар ісімен айналысатын агенттігі Ирақ елге оралған босқындарды қолдауға біраз жағдай жасау керек деді.

Аммандағы босқындар агенттігінің жоғары комиссары Имран Риза Рейтерс жұма күні ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Иорданияда баспана іздеген ирақтықтар елдеріне оралғысы келеді, бірақ ол жерде өздеріне жұмыс табу мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан отандарына көше алмай отыр деді.

Бүгінде Иорданияда 450 мың ирақтық босқын тұрып жатса, 1,2 млн ирақ Сирияда мекендеуде.

БҰҰ Босқындар агенттігінің дерегіне қарағанда, Ирақтың өз ішінде 2,8 млн адам көшіп-қонып жүр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG