Accessibility links

Пәкістан: Тәліптер 5 полицей мен орманшыны өлтірді


Пәкістаннның солтүстік-батысында содырлар 5 полицей мен орманшыны өлтіріп кетті. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Мансехра ауданында қауіпсіздік күштері осы ауданның тоғайлы аумағында сенбі күні атыс болғаны туралы хабар алып, оқиға болған аумаққа аттанды. Бірақ оларды содырлар оқ жаудырып қарсы алды. Атыс шыққан жерден полицейлер мен орманшының мәйітінен басқа, беймәлім кісінің пышақпен кескіленген денесі табылды. Кісі өлтірген қылмысты әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алмай отыр. Алайда, Пәкістанның осы солтүстік-батысында тәліптердің бас сауғалап жүргені және олардың полицейлерге талай рет тасадан шабуыл жасағаны жақсы мәлім.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG