Accessibility links

Палуан Ә Айхановтың құрметіне еркін күрестен турнир өтеді


Ертең Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Әбілсейіт Айхановтың құрметіне Алматы қаласының еркін күрес Ассоциациясының кубогі үшін еркін күрестен «Оңтүстік астана -2009» атты екі күндік республикалық турнир басталады, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Әбілсейіт Айханов Алматы облысының Сарқанд ауданындағы Покатиловка ауылында туған. Ол – 1963 жылғы КСРО чемпионы, ҚазССР-нің 14 дүркін чемпионы, КСРО халықтары Ш спартакиадасының жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
XS
SM
MD
LG