Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ күштерінің ұшағы құлады


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның шығысындағы американдық соғыс ұшағы апатқа ұшырап, екі әскеридің өмірін қиды.

Ұшақ сенбі күні таңертең құлаған, апаттың неден болғаны белгісіз болып отыр. Құрама Штаттар әскерилерінің айтуынша, ол ұшақтар коалициялық операцияларды байланыстырып жүрген.

Осыған дейін содырлар тікұшақтарды зымыранмен атып құлатқанымен, олардың өте жоғарыға ұшатын ұшақтарды атып құлататын қарулары бар екені белгісіз болған.
XS
SM
MD
LG