Accessibility links

Армения, Әзірбайжан президенттері Қарабах бойынша тағы кездеседі


Армения мен Әзірбайжан елдерінің президенттері сенбі күнгі Мәскеудегі Таулы-Қарабах келіссөздерінен кейін тағы күзде кездесуді жоспарлап отыр.

Жексенбі күні Арменияның мемлекеттік теледидары Армения президенті Серж Саркисян мен Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев қазан айында кездеседі деп хабарлады.

Мәскеуде өткен Таулы-Қарабах келіссөздеріне Ресей президенті Дмитрий Медведев төрағалық жасады.

Ресей президентінің кеңесшісі Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында, келіссөздер ойдағыдай өтті деген.

Әзірбайжанның бөлініп қалған жікшіл аймағы Таулы-Қарабахта этникалық армяндар басым тұрады.
Бұл аймақ Әзірбайжаннан 1990 жылдардың басында бөлініп кеткен.

Осы аптаның ортасында президент Әлиев өз елі Таулы-Қарабахқа үлкен автономия беруге дайындығын, бірақ тәуелсіздікке жол берілмейтінін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG