Accessibility links

Саркози ауруханадан шықты


Франция президенті Николя Саркози ауруханадан шықты. Жексенбі күні қала сыртындағы резиденциясында жүгіріс кезінде Саркозидің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген болатын. Президент кеңсесінің хабарлауынша, Саркозидің жүрегінде ешқандай проблема табылмаған, ол шаршағандықтан өзін нашар сезінген.

Саркози бейсенбіден бастап демалысқа шығады деп жоспарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG