Accessibility links

АҚШ өкілі: Талибан шетелден қаржыландырылады


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Талибан бүлікшілері шетелдегі қолдаушылары тарапынан қаржыландырылуда деп мәлімдеді. Брюсселдегі НАТО штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде Ричард Холбрук қаржының басым бөлігі «Парсы шығанағынан» келетін көрінеді деп атап көрсетті. Алайда Парсы шығанағы мен басқа жерлердегі үкіметтердің Талибанды қаржымен қамтамасыз етіп жатқандығына дәлел жоқ деді Холбрук.

Ауғанстандағы НАТО ресмилерінің айтуынша, Талибан заңсыз есірткі саудасынан жылына 60-100 миллион долларға қол жеткізеді.
XS
SM
MD
LG