Accessibility links

Молдовадағы парламент сайлауында коммунистер алдыңғы орында тұр


Молдовадағы кезектен тыс өткен парламент сайлауының барысында, Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, Коммунистер партиясы 48,4% дауыспен алда келді. Либералды-демократиялық партия 14,7%, Демократиялық партия - 13,2%, Либералдық партия - 11,8%, «Наша Молдавия» альянсы - 7,3% дауыс жинаған. Қалған бәсекелестердің дауыс саны бұдан да аз көрсеткіште болғандықтан олардың үміткерлікке мүмкіндіктері жоқ.

Парламентке өту үшін партиялар сайлаушылардың жалпы санының 5% -нан кем дауыс жинамауы тиіс.

Еxit-poll — сайлау учаскесінен шығардағы сауалнама қорытындысына сәйкес, Коммунистер партиясы парламенттің 43 мандатына, ал оппозиция біріккен жағдайда 58 мандатқа ие болуы мүмкін деген болжам жасалды.

Алдын-ала мәліметтер бойынша Либералды-демократиялық партия парламенттің 19 орнын алса, Либералдық партия - 18 мандат, Демократиялық партия - 13 мандат, «Наша Молдавия» альянсы - 8 орынға ие болмақ.
XS
SM
MD
LG