Accessibility links

Жәмила Жәкішева күйеуі тұтқынға алынғаннан бері алғаш рет оны көріп, тілдесті


Азаттықтың Астанадағы тілшісінің хабарлауынша, «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева бүгін күйеуімен кездесуге өзінің адвокатымен бірге ҰҚК-нің тергеу абақтысына кірген, ал Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Данияр Қанафинді кіргізбеген.

Күйеуімен 40 минуттай сөйлесіп шыққан Жәмила Жәкішева оның денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ауруханаға жатқызу туралы ҰҚК-не хат жазатынын айтты.

Жәмила Жәкішеваның айтуынша, күйеуімен кездесу алдында оған ҰҚК-нің өкілдері қылмыстық іске, тергеуге қатысты ешқандай сөз қозғамауды ескертіп, егер бұл талапқа бағынбаса кездесуді тоқтататындарын айтқан. Сол себепті ол күйеуімен оның денсаулығы жайында ғана әңгімелескен.

Әйелі Мұхтар Жәкішевке бірнеше рет жедел жәрдем шақырылғанын, оның қатты жүдеп кеткенін айтты. Бұл Жәмиланың күйеуі тұтқынға алынған екі жарым айдан бергі алғашқы кездесуі.
XS
SM
MD
LG