Accessibility links

Карантин алынып тасталғаннан кейін Қазақстанда екі доңыз тұмауы тіркелді


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда доңыз тұмауына шалдыққандар саны 17-ге жетті. Бұдан бұрын А/Н1N1 тұмауымен барлығы 15 адамның ауырғанын, олардың сауығып, елдегі карантиндік бақылаудың алынғанын хабарлағанбыз.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, зерттеу растаған А/Н1N1 тұмауына бұл жолғы шалдыққандардың біреуі 3-тамыз күні Ұлыбританиядан Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына келген жеткіншек. Бір ай уақытын Ұлыбританияда өткізіп келген оның дене қызуы 37,40 С –қа көтеріліп, жөтел пайда болған. Бұл бала мен онымен байланыста болған үйіндегі 4 адам да қазір дәрігерлердің бақылауында. Ал екінші доңыз тұмауы Алматы қаласында тіркелген, бұл азамат та қазір стационарлық жағдайда ем қабылдауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG