Accessibility links

Ингушетияның құрылыс министрін кабинетінде өлтіріп кеткен


Бірқатар ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ингушетияның құрылыс министрі Руслан Амерхановты белгісіз біреулер өз кабинетінде атып өлтіріп кеткен. Оқиғаның барысы анықталуда.

Руслан Амерхановты құрылыс министрі етіп өткен жылдың күзінде Юнус-Бек Евкуров тағайындаған. Бұдан бұрынғы ақпараттарда Амерхановтың көлігінің атылғаны хабарланған еді.

22 маусым күні қастандықтың салдарынан жарақаттанған Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуровтың дүйсенбі күні Мәскеу ауруханасынан шыққанын хабарлағанбыз.

Юнус-Бек Евкуров маусым айында Назран қаласында жұмысына бара жатқан жолда нысанаға алынған болатын. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті шешендердің бүлікшілер тобы өз мойнына алды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG