Accessibility links

Германия мен Францияның экономикалары өсті


Еуропаның ең ірі 2 экономикалық жүйесі болып табылатын Германия мен Франция тығырықтан шықты. Бейсенбі күні шыққан соңғы мәліметке қарағанда, немістер мен француздардың экономикалық жүйелері биылғы жылдың екінші тоқсанында 0.3 пайызға өскен. Бұл 2008 жылдың басынан бергі алғашқы өсім және ол соңғы онжылдықтағы ең терең дағдарыстан кейін байқалып отыр.
Еуропа Одағының статистикалық комитеті ЕуроОдақтың ортақ валютасы - еуроны қолданатын өзге 16 елінің жалпы ішкі өнім көлемі туралы мәліметтерді осы күні-ақ жариялауға тиіс.
XS
SM
MD
LG