Accessibility links

Түркия күрд көтерелісінің 25 жылдығын атап өтті


Сенбі күні Түркия күрд көтерілісшілерінің шабуылына 25 жыл толғанын, саяси жетекшілердің бітімге шақыруымен атап өтті.

1984 жылдың 15-ші тамызында жікшіл көтерілісшілер елдің оңтүстік-шығысындағы қалалардағы полиция бекеті мен әскери орындарға шабуыл бастағанда, қақтығыс басталып кеткен.

Одан кейін күрд көтерілісшілері Ирақтың солтүстігіндегі базаларына қашып кеткен. Содан бері бұл қақтығыстан 40 мың адам құрбан болды.

Сенбі күні күрд белсенділері қауіпсіздік шарасы күшейтілген Ерух қаласында мерекелік шара өткізді. Олар бейбітшілікке шақырып, жиналған тобыр ашық аспан астында дәстүрлі музыканың концертін тыңдаған.

Парламент спикері Мехмет Али Сахин елдегі күрд азшылықтарын достық қарым-қатынасқа шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG