Accessibility links

Ауған журналисі Пәкістанда мерт болды


Дүйсенбі күні Пәкістанның тынышсыз оңтүстік аймағында бір қарулы кісі ауған журналисін атып өлтіріп, оның әріптесін жаралаған.

Ауғандық Шамшад телеарнасының репортері Янулла Хашим Зада мен оның әріптесі шекараға жақын маңдағы Торкам қаласынан Пешаварға қатынайтын жолаушы автобусында келе жатқанда қарулы біреу осы көлікті атқылаған. Әзірге кісі өлтірушінің не үшін осындай әрекетке барғаны белгісіз және ешқандай ұйым бұл шабуыл жауапкершілігін алған жоқ.

Шекарасыз репортерлер ұйымының 2009 жылғы баяндамасында осы жылы Пәкістанда қаза болған журналистердің саны басқа елдерден гөрі көптігі, жергілікті тілшілер екі жақтан да Талибан қозғалысы мен қауіпсіздік күштері тарапынан қауіпке тап болатындығы айтылған



XS
SM
MD
LG