Accessibility links

Гуантанамоның ең жас тұтқыны босатылды


Американдық Гуантанамо түрмесінің ең жас тұтқынының адвокаттарының айтуынша, тұтқындағы Мохаммад Джавад түрмеден босатылып, Ауғанстанға жіберілген. Ол осыдан жеті жыл бұрын Кабулда екі американдық жауынгер мен аудармашыға гранат лақтырды деп айыпталған болатын. Ол кезде оның жасы 12-де болатын.

Сот төрешісі кейінірек оның кінәсін мойындаған жауаптарын «психологиялық қысым» көрсету арқылы алынған деп қабылдамай қойған еді. АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін 2010 жылғы қаңтар айының орта шенінде жауып тастауға уәде берді.
XS
SM
MD
LG