Accessibility links

Грузияда тағы да жер сілкінді


Грузияның солтүстік батысында тағы да жер сілкінді. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша бұл жолғы дүмпудің магнитудасы алты балдан асқан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Грузияда күшті жер сілкінісі болды. Эпицентрі Тбилисиден 236 шақырымдағы Кутаиси қаласына таяу маңдағы жер асты дүмпуінің күші 5,5-тен 6,2 балға дейін жеткен. Тбилиси мен Оңтүстік және Солтүстік Осетияда да жер сілкінісі сезілген.

Соның салдарынан Они ауданындағы көптеген ғимараттар қирап, жарық беру тоқтап қалған. Бұл жерде ондаған адамның өмірін қиған күшті жер сілкінісі 1991 жылы тіркелді. Ал 2002 жылы сәуірде Грузияда болған соңғы күшті сілкінісінде алты адам қаза тапқан-ды.
XS
SM
MD
LG