Accessibility links

АҚШ қолбасшысы: Ауғанстанға қосымша әскер жіберу керек


АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерінің қолбасшысы бұл елдегі бүлікшілерге тойтарыс беру үшін қосымша күш қажет екендігін мәлімдеді.

Американдық Washington Post газетінің дүйсенбі күні хабарлауынша, генерал Стенли МакКристал 30 тамызда АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтске көлемді баяндама жолдаған. Бұл құжатта бүлікшілерге қарсы әскери қимылдарда алдағы 12 айдың көлемінде бетбұрыс жасау қажеттігі туралы да айтылған. Уақыты өтіп кеткен жағдайда табысқа жету қиынға соғуы мүмкін делінген баяндамада.

Жексенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша әскер жіберу мәселесіне қатысты шешім қабылдамағандығын айтқан болатын.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG