Accessibility links

Әлем елдері БҰҰ-ның ғаламдық жылынуға арналған саммитіне жиналды


Дүниежүзіндегі 100-ден аса елдің жетекшілері БҰҰ-ның ғаламдық жылынуға қарсы күреске арналған бүгінгі саммитіне
қатысады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы пан Ги Мунның айтуынша, саммиттің мақсаты әлем жетекшілерінің арасында желтоқсан айында Копенгагенде жасалған климаттың өзгеруіне қатысты жаңа келісімді қарау болып отыр.

Копенгаген кездесуінің мақсаты ғаламдық жылынудың алдын алу үшін бірқатар елдердің газ шығаруын азайтуға міндеттейтін 1997 жылғы Киото хаттамасы сынды құжат қабылдау болды.

БҰҰ-ның бұл жиыны дәулетті елдер мен дамушы елдер арасындағы газ эмиссиясын азайту тұрғысында тығырыққа тірелген мәселені шешіп және ірі дамушы елдер Қытай мен Үндістанның бұл келісімге қосылуына көмектеседі деген сенім артылған.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG