Accessibility links

Медведев пен Обама ядролық қаруды шектеу келісімі қабылданатындығына сенім білдірді


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен АҚШ президенті Барак Обама екі ел арасында ядролық қаруды шектеу туралы жаңа «Старт» келісімін жылдың аяғына дейін қабылдауға сенім білдірді. Президенттер Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында кездесті.

Иранның ядролық бағдарламасы талқыланғанда, Дмитрий Медведев, әлем елдері Теһранға «дұрыс шешім қабылдауға» мүмкіндік беруі керек деп мәлімдей келе, Иран ядролық қаруға ие болмауы қажет деп ескертіп өтті.

Сонымен қатар, ол «бірқатар жағдайда санкциялар қолдану қажет» екендігін атап көрсетті. Ал Барак Обама егер Иран ядролық қорғанысы туралы есеп бермейтін болса, онда «күрделі» санкциялар қолдану мәселесі талқылануы керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG