Accessibility links

АҚШ, Британия, Франция Иранды құпия зауыт салды деп айыптады


АҚШ президенті Барак Обама Иранды бірнеше жылдан бері құпия уран байыту зауытын салып келді деп айыптап, Теһраннан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі халықаралық ережелерді орындауды талап етті.

Британия премьер-министрі Гордон Браун және Франция президенті Николя Саркозимен бірге бүгін Пистбургтегі "үлкен жиырмалық" саммитіне жиналған Обама Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікті Иранның жаңа зауыты туралы ақпаратты тезарада тексеруге шақырды.

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің мәліметіне сәйкес, қыркүйектің 21-і күні Теһран екінші зауыт электр қуатын жасау үшін ядролық отын өндіру мақсатта салынуда деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG