Accessibility links

Әлиев пен Саргсян Кишиневте Қарабах мәселесін талқылайды.


Армения және Әзірбайжан президенттері бүгін Кишиневте көп жылдардан бері жалғасып келе жатқан Таулы Қарабах проблемасын шешу жолдарын талқылайды. Ильхам Әлиев пен Серж Саргсянның бұл кездесуі Молдова астанасында жұма күні басталатын ТМД саммиті аясында өтпек.

Екі елдің басшылары соңғы мәрте осы жылы шілдеде Мәскеуде кездескен болатын.

1990 жылдың басында Таулы Қарабахтағы қарулы қақтығыстың салдарынан ондаған мың адам қаза болып, жараланып, босып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG