Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысының газ құбырындағы апат жойылды


Шымкентте газ құбырындағы апат жойылды, құбырды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, барлық абоненттер газбен қамтамасыз етілді, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданындағы «Южный» кеңшары бағытындағы құбырды тексерген кезде орта қысымды жер асты құбырынан газ шығып жатқаны анықталған.

Газ құбырындағы апат салдарынан Шымкентте 1474 жеке тұрғын үй мен «Шымкент сүт» АҚ және «Olaks» ЖШС өнеркәсіп нысандары газсыз қалған еді.
XS
SM
MD
LG