Accessibility links

Бурятия ішкі істер министрі қамалды


Ресей Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, Сібір аймағындағы полиция басшысы қамауға алынды.

Бурятия республикасының ішкі істер министрі Виктор Сюсюра Ресейдің қауіпсіздік күштері мен милициясы арасында жемқорлық жасаған деген айыппен қамалған.

Ресейлік телеарнаның хабарына қарағанда, сенбі күні ұсталған Виктор Сюсюра Мәскеудегі Лефортова абақтысына әкелінген.

Ресей Ішкі істер министрлігінің өкілі Валерий Грибакин Сюсюраның қамалуы сыбайлас жемқорлық істеріне қатысты деді.
XS
SM
MD
LG