Accessibility links

Қазақстанның екі оппозициялық партиясы съезд өткізбек


24 қазан күні Алматыда Қазақстанның екі оппозициялық партиясы – «Азат» пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия біріккен съезд өткізеді.

Бұл туралы Азаттық радиосына хабарлаған «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов:

«Бұл елдегі нақты өзгерістерді қалайтын нақты демократиялық күштердің бірігуі, бұл «Азат» пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, олардың жетекшілерінің механикалық түрде бірігуі емес. Тарихтағы әлемнің басынан өткен, еліміздің таяудағы тарихында өзіміз де бастан кешірген авторитаризмнен тоталитаризмге өту деңгейіне дейін құлдырап кетпей тұрғанда, елді оң өзгерістерге апаратын қадамға барар жолда барлық демократиялық көзқарастағы азаматтарды қатарымызға қосылуға шақырамыз», — деді.
XS
SM
MD
LG