Accessibility links

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі Ертістен табылды


Шығыс Қазақстан облыстық судан құтқару күштері қызметі осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен екі жастағы қыз баланың денесін судан алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-қыркүйек күні Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан бақшалық жерден екі жасар қыз жоғалып кеткен. Оны ұрлап кетті деген сыбысқа қарамастан, полицейлер бақытсыз жағдай болуы мүмкін деген жағдайды негізге алған. Суға кетіп қалған болуы мүмкін деп болжанған қыз баланы іздеушілер таба алмаған.

Өткен жексенбіде балық аулап жүрген Өскеменнің тұрғыны өзендегі баланың денесін көріп, полицияға хабарлаған, олар судан алған бала денесін құқық қорғау органдарына тасырған.
XS
SM
MD
LG